Көктемнің шұғылалы шуағымен қатар келген Наурызнама онкүндігінің маңызды бір күні – «Ұлттық киім күні» ардагерлер қауымының бас қосуымен ерекше сән-салтанатпен өтті. Ұлттық рухты асқақтатып, ата-бабадан мирас болған дәстүрімізді дәріптеген бұл шарада ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналар қазақы нақыштағы киімдерімен жарасып, елдің еңсесін тіктейтін өнегелі әңгімелер өрбітті.
Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков қазақтың ұлттық киімі – халқымыздың мәдениеті мен рухани болмысының ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Ол соңғы жылдары ұлттық киім үлгілерінің жаңарып, заман талабына сай түрленіп жатқанын тілге тиек етіп, осы үрдістің қоғам тарапынан кең қолдауға ие болуы көңіл қуантатынын жеткізді.
— Ұлттық киім – бұл біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес қазына. Оның әр оюы, әр нақышы терең мағынаға ие. Кешегі өткен бабаларымыз шапаны мен кимешегіне дейін өнер туындысына айналдырып, ұрпақтарына мұра етіп қалдырған. Бүгінде ұлттық киім кию тек сәннің бір бағыты емес, руханиятымызға жасалған үлкен қадам. Әсіресе, аға буын өкілдері ұлттық киімді дәріптеп, кейінгі жастарға үлгі көрсетуі маңызды. Өйткені «Қарттары бар ел – қазыналы ел», біздің әрбір ісіміз – кейінгі ұрпаққа бағдаршам, – деді ол.
Төрағаның бұл сөзін шараға қатысқан ардагерлер де қуаттай түсті. Мұсахан Мархабаев пен Назар Тоқсанбаев ұлттық киімнің мемлекет деңгейінде де насихатталып жатқанын айтып, бұл бастаманың ұлт руханияты үшін ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Ал Әжелер алқасының мүшелері Қараматайы Назарова мен Анар Мошқалова қазақы киімнің тек сәндік сипатта ғана емес, оның тәлім-тәрбиелік маңызы зор екенін сөз етті.
— Біздің әжелеріміз кимешек, орамал, жаулық секілді ұлттық киімдерді тек сұлулық үшін киген жоқ. Оның әрқайсысы – ұрпаққа аманат. Олардың тазалығы мен әсемдігі аналардың ар-намысы мен ибалығын білдіретін. Біз де сол ізбен жүріп, ұрпағымызға ұлттық киімнің қадірін ұғындыра білуіміз керек, – деді Анар Мошқалова.
Жиналған жұрт ұлттық киімнің тәрбиелік мәнін сөз ете отырып, Наурызнама онкүндігінің маңызына да тоқталды. Кездесу соңында көпшілікке Үзденбаев Дәулет қажы ақ батасын беріп, Наурыздың береке-бірлік әкелуін тіледі.
Шараға жиналғандардың бәрінің жүзіне шуақ үйірілді. Себебі бұл – қазақы болмыстың қайта жаңғыруы, ұлттық құндылықтарымыздың ұлықталуы. Ал жас ұрпақ ата-әжелеріне қарап бой түзесе, ұлттық киіміміз қайтадан күнделікті өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналары сөзсіз. «Өткенді білмей, келешекті болжай алмайсың» демекші, ата-баба мұрасын дәріптеу – әрбіріміздің перзенттік парызымыз.
Аяжан ТӘЖІ