ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз

Әлеумет
Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 жел-тоқсанында аталып өтетін тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл ер-кіндік сүйгіш патриоттық дәстүр 16 желтоқсан оқи-ғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хансұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде ардақ-тап, олардың өлмес ру-хын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, ел жандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстанда болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» Заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Тәуелсіздігіміздің жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл мемлекет басшыларының жүргізген парасатты, көреген саясатының нәтижесі, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қау-ымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стра-тегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Сондықтан бұл күн мемлекетіміз үшін – бір-тұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшінқазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтарымен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата – бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Мереке қарсаңында Шардара ауданының қоғамдық саяси дамуы үл-кен белестерді бағындырып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері едәуір деңгейде жоғарлады. Сонымен қатар ауданымыздың жетістіктері мұнан әрі де қарыштап алға жылжи берері сөзсіз.
Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!
Т.БЕРДІБЕКОВ –
Түркістан облысының Құрметті азаматы,
Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Made on
Tilda