ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Аудан әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Әлеумет

«AMANAT» партиясының Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы тұрғындармен кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Ұзын-ата ауылынан келген Хайдмамедова Дәмеш тұрғын үй мәселесі жөнінде өтінішін жеткізсе, Шардара қаласынан Маликова Үркенбай қаладағы маршруттық көліктерде Батыр аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балаларға жеңілдік қарастыруды сұрады. Ал Тилеулиева Гуля тұрғын үйге қатысты сұрақтарын ортаға салды. Төменгі тоғайдан келген Садуов Қасымбек тазалық мәселесін көтеріп, Шардара қаласының тұрғыны Баратова Азима көршісінің үйінен аққан судың жиналып, көпшік болып, жолды шайып жатқанын және қорғанының құлауға шақ қалғанын айтты. Сондай-ақ Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тұрғыны Пердебаева Гүлжанат әлеуметтік көмек алу мүмкіндігін қарастыруды өтінді.
Қабылдау барысында аудан басшысы әр өтініштің шешу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, жауапты бөлімдерге тиісті жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda