ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары анықталды

Әлеумет
«Zhas project» жобасының негізгі мақсаты - жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыру. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады. Жастар әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыға ие болады. Бизнес құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдау ала алады.

Жоба әлеуметтік жобаларды іске асыруға, өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға 18 жастан 34 жасқа дейінгі мүдделі жастарға (қоса алғанда) бағытталған.

Осы жылы, Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастардың арасында жобаны іске асыру шағын гранттар жобасы іске асырылды. Нәтижесінде облысымыздың аудан, қаласынан 502 өтінім түсті. Оның ішінен 40 жоба техникалық іріктеуден өткізіліп, комиссия мүшелеріне ұсынылады. Іріктеу кезеңі 2024 жылғы 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Соңғы комиссия отырысы барысында 40 жоба комиссия алдында өз жобаларын қорғап, нәтижесінде 20 жоба грант иегерін анықтап, жарияланды.
Made on
Tilda