ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жаушықұм ауылына көгілдір отын берілді

Әлеумет
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жаушықұм ауылдық округіне газ беріліп, ауыл тұрғындарының көңілдері тасыды.
Салтанатты шараның ашылуына арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Қарсыбаев жаушықұмдықтардың қуаныштарымен бөлісті.
–Ең алдымен барша Жаушықұм ауылының тұрғындарын және газдандыру жұмыстарына атсалысқан бүкіл азаматтар мен қызметкерлерді құттықтаймын! Бүгінгі таңда, Шардара ауданы бойынша 10 елдімекен мен Шардара қаласындағы 10 бірлік шағын аудан табиғи газбен қамтамасыз етілген. Оларда тұратын халық саны – 79 129 адам. Ал 2023 жылы «Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм елдімекеніне газ желісі және таратушы газ құбырын салу» нысаны құрылысына республикалық бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары мердігер мекеме "Gas Energy Construction" ЖШС-мен жүргізіліп, ағымдағы жылдың 31 мамырында, яғни бүгін іске қосып отырмыз. Қуанышты да, жемісті күндеріңіз көп болсын! – деген аудан әкімі А.Қарсыбаев жұртшылықты көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.
Сондай-ақ, салтанатты шараға келген қонақтар мен ақсақалдар өз кезегінде игілікті істі жүзеге асырған сала мамандарына өз ризашылықтарын білдірді.
Бота Болатова
Made on
Tilda