ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН АҚСАҚАЛДЫҢ ШАҢЫРАҒЫНА БАРДЫ

Әлеумет
"Қарты бар үйдің - қазынасы бар" дейді халқымыз. Қартын сыйлаған қазақ қашанда үлкеннің батасын алмай іс бастамаған. Осы орайда аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласының тұрғыны, 100-ге келген, көпті көрген қария, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен Сейдуалы Бапайұлының шаңырағына барып, ғасыр жасаған қарияның ақ батасын алып, көңілін аулап, әңгіме-дүкен құрды.
-100 жасаған торқалы тойыңыз құтты болсын! Бір ғасыр өмір сүру екінің біріне бұйыра бермейтін биік шың. Сол шыңның шығу жолында Сіздің ғұмырыңыз түрлі қиындықтар мен қуаныштарға толы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жүріп, ел үшін аянбай тер төктіңіз. Сіздің елге жасаған әр ісіңіз бүгінгі ұрпаққа өшпес өнеге. Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз, әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпақтарымыз.
Ұрпақ болашағы жолында танытқан қайсарлығыңыз үшін алғысым шексіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз!,- деді Арман Қарсыбаев.
Қарияларымыз аман болып, жастарымызға сол кісілердің жолын бере берсін!
Ақбота Өсербай
Made on
Tilda