Бүгінгі таңда Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толып отырған болса, осы аралықтарда мен де шардаралықтармен қатар еңбек өтілімнің 40 жылға жуығын Шардараның өркендеуіне арнап, өзімнің үлесімді қосыппын. Әрине, бұл аз уақыт емес. Шардара өңірінің араға жылдар салып осындай керемет мекенге айналатынын сол кездегі бірқатар азаматтар көз алдына елестете де алмаған шығар. Бірақ, біз бүгін көзбен көріп, куәгер болып отырмыз.
Қазіргі Өзбекстан аумағында қалып қойған «Шымқорған» совхозында туылып, сондағы мектепті бітіріп, сол совхозда он жылдай құрылыс саласында жұмыс атқарғаныммен, жастық жігерімізді жұмсап, белді буып қызмет атқарғаным Шардарада болды.
Шымкент қаласындағы «Қазақ химия-технологиялық институтының» құрылыс факультетіне оқуға түсіп, денсаулығыма байланысты соңғы курстарды Томск қаласындағы осы аттас институтта жалғастырып, бітіріп, дипломымды алып келген соң «Көксу» кеңшарында спорт инструкторы, құрылыс шебері болып қызмет жасадым.
Кейіннен дәрігерлер денсаулығыма байланысты құрылыс жұмысымды жалғастыруыма болмайтынын ескерткеннен кейін Шардара мұнай базасына қарасты май құю станциясына бастық болып жұмысқа орналастым.
1983 жылы мұнайбаза директоры Шымкентке қызметке ауысуына байланысты ұжымның ұсынуымен, басшылықтың сенім артуымен мұнайбазаға директор болып бекітіліп, осы қызметті 17 жыл бойы атқардым.
Атқаратын жұмысымыз мұнайбазаға келген жанар-жағар майды ауылдардағы май құю бекеттеріне белгіленген, бөлінген мөлшерде жеткізіп беру. Дегенмен маусымдық жұмыстар кезінде жетіспеушіліктер болып тұрады.
Сондай кездердің бірінде облыста автол тапшылығы болып облыс атынан Ульяновскіге барып мұнай компаниясының коммерциялық директорына жолығып, 25 вагонға келісім-шартқа отырып, сол күні өзге жерге жөнелтіп тұрған он вагонды облысқа, екі вагонды өзімізге – Шардараға жіберттім. Қалған вагондар бір аптадан соң келді.
Тағы бірде облыста солидол болмай қалып, Оренбургке барып, келісім-шартқа тұрып 6 вагон солидолды облысқа жөнелттірдім, ішінде бір вагоны, әрине өзімізге.
Осылайша аудан емес, облыс көлемінде де жанар-жағар майдың тапшылығын жоюға атсалыстым.
Кейіннен мұнайбаза жекешелендіріліп кеткен соң аудан әкімінің ұсынысымен «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау» шаруашылығына директор, Сайрам – Өгем ұлттық паркіне бөлім басшысы қызметтерін атқарып, Шардара ауданы әкімінің шақыртуымен мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының төрағасы, аудан әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шықтым.
Еткен еңбегім ескерусіз қалмай Шардара ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. «Тыңға 50 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихатына 20 жыл», «Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 60 жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медальдарымен марапатталдым.
Қызмет жасап жүрген уақытымда ауданның өркендеп өсіп, елдің әлеуметтік жағдайының, экономикасының жақсаруына өз үлесімді аянбай қосып жүрдім. Әлі де елдің ынтымағын, бірлігін сақтап, жастарды әртүрлі ағымдардан сақтау жолында өз үлесімді қоса беремін.
ҚАЛМЫРЗА Бәкір Мәуленұлы – еңбек ардагері, Шардара ауданының Құрметті азаматы.