Биыл «Желтоқсан оқиғасына» 38 жыл толып отыр.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ұлт тарихында өшпес із қалдырды. Бұл оқиға қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізуде үлкен рөл атқарды. Бүгінгі таңда Тәуелсіз елде бейбіт өмір сүріп жатқан бақытты елміз. Сондықтан Желтоқсан құрбандарын еске алып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен азаматтарға құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың борышы.
Осындай мақсатта, аудан әкімі Арман Қарсыбаев 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында халқымыздың азаттығы үшін күресіп, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан «Желтоқсан ақиқаты» париоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Ахметов Сапаралы, Бозшағұлов Үсенбай Қазтұрғанұлы, Дүйсен Әлиайдар Низамидинұлы, Тажиев Сұлтанбек, Қожахметова Ажаркүл Төлепбергенқызы, Сапаров Асқанбектерді арнайы қабылдады.
– Сіздерді Республикамыздың әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Азаттықты алуға арқау болған сол кездегі желтоқсаншы жастар бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерліктері бүгінгі егеменді еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болатын осы салтанатты күні сіздерге игілік пен бақыт, ырыс-береке тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, тұғыры әрдайым биік бола берсін! – деген аудан басшысы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып жүрген азаматтарға «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Кездесу барысында желтоқсаншылар Желтоқсанның ызғарлы оқиғасы жайында бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, Тәуелсіздік күніне орай ақ жарма тілек-терін білдірді.
Аяжан
СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ