Халқымызда «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген керемет даналық сөз бар. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Бақилық болған жандарға бұл дүниеде жасар амалымыз әруақты құрметтеп, дұға жасау үлкен сауапқа кенелтеді.
Осындай мақсатта 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алатау батыр ауылдық округінде, мұғалімдер арасында кіші футболдан ұстаздық жолын ауыл спортының дамуына арнап, көптеген шәкірт тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаздар Тәжі Жұмабай Қарауылұлын, Дошанов Нұрлан Дошанұлын, Өмірхан Қайрат Таңатұлын еске алуға арналған аудандық турнир өтті.
Демеушілердің ұйымдастыруымен өткен бұл турнирге ауданымыздағы мектептерден 9 команда қатысты. Тартысты өткен жарыста "Қазақстан" жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдерінен құралған команда оқ бойы оза шауып І орынды иеленді. С.Кәттебеков атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерінен құралған команда ІІ орынды иеленсе, А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерінен құралған команда ІІІ орынды місе тұтты. Жеңімпаз командалар «Алғыс хаттар» мен қаржылай сыйлықтармен, кубок, медальдармен марапатталды.
Тәжі Жұмабай Қарауылұлы 1951 жылы 6 шілдеде Тәжікстан Республикасы Қорғантөбе ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Тәжікстан Республикалық денешынықтыру техникумына түсіп, бітірген. Еңбек жолын 1969 жылы Тәжікстан Республикасындағы Вахш ауданындағы №26 мектепте дене шынықтыру пәні мұғалім болып бастады. Ол 1977 жылдан өмірінің соңына дейін Сырбек Кәттебекоа атындағы жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеген. Жұмабай Қарауылұлының шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық, Әлемдік додаларда топ жарып, жеңімпаз атанған. Жұмабай Қарауылұлы 2014 жылы 1 мамырда дүниеден өтті.
Дошанов Нұрлан Дошанұлы 1968 жылы 31 қаңтарда Шымкент облысының Арыс ауданындағы "Қожатоғай" елдімекенінде дүниеге келген. 1985 жылы Алатау батыр ауылдық округіндегі "Қазақстан" орта мектебін бітірген. 1986-1988 жылы әскерде қызмет еткен. 1988-1993 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогика институтының спорт факультетін бітіріп, 1994-2002 жылдар аралығында «Қазақстан» орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет атқарған. 2002 жылы 25 наурызда дүниеден өтті.
Өмірхан Қайрат Таңатұлы 1972 жылы 3 қазанда дүниеге келген. 1989-1993 жылдары Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің денешынықтыру мамандығын тәмамдаған. 1993 жылы бұрынғы «Қазақстан» орта мектебі, қазіргі С.Кәттебеков атындағы жалпы білім беретін мектебіне дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қабылданып, 24 жыл бойы қызмет атқарған. Ол 2017 жылы 23 наурызда өмірден өткен.
Іс шара соңында ауыл мешітінде ас беріліп, өмірден өткен ұстаздардың рухына құран бағышталды.
Аяжан ТӘЖІ