ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Әлеумет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағ-дарламасы Түркістан облысында жүйелі жалғасуда.
Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс аумағында 7 300-ге жуық сенбілік ұйымдастырылып, 34 ауқымды іс-шараны қамтитын жоспар бекітілмек. Тазалық шарасы аясында қолға алынатын жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиында сараланып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсыр-малар беріп, рұқсат етілме-ген орындарға қоқыс тастамау мәселесін түбегейлі шешуді міндеттеді.
– Бұл – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған өте маңызды шара екенін білесіздер. Өткен жылы облыс көлемінде жақсы жұмыстар атқарылды. Дегенмен, жұмыстарды күшейте түсуіміз керек. Жалпылама тапсырмалар мен жұмыстар қажет емес. Нақты іске көшіңіздер. Сауда орындарын реттеу, тазалық жұмыстарына кәсіпкерлерді жұмылдыруға да басымдық берілсін, – деді Зұлпыхар Жолдасов.
Жиында Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл ауыл-аймақтарды абаттандыруға баса көңіл бөлінбек. Демеушілер есебінен ауыл көшелерін жөндеу, тратуар-лар салу, ойын алаңшалары мен стадиондарды ретке келтіру, орындықтарды орнату, шатырларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру сияқты игі істер ұйымдастырылмақ. Одан бөлек, тазалық, абаттандыру және кө-галдандыру жұмыстары күшейтіле түседі. Аудан, қала әкімдіктерінің жұмыстары 10 көрсеткіш бойынша бағ-аланады. Жұмысты тиісті деңгейде орындамаған басшылардың жауапкершілігі қаралады.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауына алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda