«AGROFEST TÚRKISTAN - 2024»
– Халықтың әл-ауқатының жоғары болуы – агро-өнеркәсіптік кешенінің дамуымен тығыз байланысты. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында облыстың агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Түркістан облысы аграрлық саланы дамытуда елімізде жетекші орынға тұрақтаған. Ауыл шаруашылығында еліміздегі жалпы өнім көлемінің 14 пайызы өндіріледі. Биыл 9 айда 747 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп, бұл салаға ерекше мән береді. Осы тұрғыда, өнімділікті арттыру және жаңа технологияларды ендіру бағытында, біз көршілес Өзбекстан, Қытай және Түркия, Австралия мемле-кеттерінің оң тәжірибелерін ендіруіміз қажет. Облыстың табиғи-климаттық қолайлығы, жұмыс күші тұрғысында саланы жан-жақты дамытуға мол мүмкіндіктер береді. Заман көшінен қалмай, біз өрлеу үшін алдымызға ауқымды жоспарлар түзіп, биік межелерді белгілеп отырмыз. Сіздерге адал еңбекпен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүргендеріңіз үшін құрметпен алғысымды білдіремін. Өздеріңізбен бірге, облыстың аграрлық саласының жаңа бағытта дамуына қол жеткізетіндігімізге үлкен сеніммен қараймын. Өйткені, Түркістан өңірінің еңбекқор елі, құнарлы жері бар. Сіздерді бүгінгі мере-кемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік тiлеймiн! Еліміздің игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер. Мереке құтты болсын! - деді Дархан Сатыбалды.
Салтанатты шарада облыс әкімі бір топ азаматты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ми-нистрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен мара-паттады. Жиында облыстың аграрлық саласының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан озат агро-құрылым басшылары мен өкілдеріне де құрмет көрсетілді.
«AGROFEST TÚRKISTAN - 2024» мере-келік іс-шарасы Қазақстанның жарық эстрада жұлдыздары «Мұзарт» тобы, Қайрат Нұртас және Мирас Жүгінісовтың қатысуымен кешкі гала - концертпен жалғасын тапты.
Айта кетейік, Түркістан облысында бұл салада мақта кластерін дамыту, Австралия тәжірибесі негізінде ет кластерін құру, Жібек шаруашылығын дамыту, субтропикалық жылыжай шаруашылығын ұлғайту, қайта өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,2 есе арттыру көзделген.
Облыста 80 мыңға жуық агроқұрылымдар жұмыс жасайды, бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызы. Өңірімізде 1 млн. ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы ауыл шаруашылығына тікелей қатысты. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар 1,6 есеге дейін артып, 148 млрд. теңгеге жетті. Қайта өңдеу көлемі 94 млрд. теңгені құрады. Ет экспорты бойынша облыс – еліміздің көшбасында келеді. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің – 80 пайызы, ұсақ мал етінің – 75 пайызы Түркістан облысының үлесінде.
Биыл облыста ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруда кешенді шаралар қабылданды. Мемлекет басшысы Үкіметке ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейтуді тапсырып отыр. Осы тұрғыда, облыста су үнемдеу технологияларын жаңадан 17 мың гектарға ендірілді. Технологияның қол жетімділігін арттыру үшін, 3 жергілікті зауыт іске қосылды. Мемлекет тарапынан су үнемдеу технологияларын ендіру шығыстарының 80 пайызын субсидиялау жүргізуде.
Бұл салаға жаңа технологияларды ендіруге басымдық берілген. Биыл ағын суды, энергияны, еңбек ресурстары мен минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, жаңа технологиямен 2 мың гектарға егілген мақта дақылы 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамының жылдық 5 пайыздық қол жетімді лизингтік бағдарламаcы іске қосылды. Нәтижесінде, 9 айда жаңадан 1 603 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, облыстағы техникалар паркі 6,3 пайызға жаңаланды. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Өңірдегі су нысандарының құрылысын «Ислам даму банкі» арқылы қаржысын тарту есебінен жүргізу келісілді. Бірінші кезеңге құны 73,6 млрд. теңгеге 14 жоба қаржыландырылады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталады. Нәтижесінде, 166 шақырым канал бетонмен қапталып, 53,3 мың гектар суармалы жерге су жеткізетін болады. Екінші кезеңге 2025 жылға 23 нысанға жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде. Жобалардың болжамды құны 120 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар коммуналдық меншіктегі 11 су нысанын «Қазсушар» республикалық мекемесі теңгеріміне беру арқылы «Ислам даму банкімен» қаржы-ландырылады. Нәтижесінде, 151 шақырым канал бетонмен қапталып, 78,7 мың гектар ағын сумен қам-тамасыз етіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі