ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА АУДАНЫНДА 500 АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНУДА

Экономика
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс ны-сандарын аралады. Ең ал-дымен тиісті сала маман-дарымен бірге Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, "Болашақ" ша-ғынауданынан ашылатын саябақтың құрылысымен танысты. 4 гектар аумақты қамтитын саябақтың құ-рылысы ағымдағы жылы аяқталады.
Сонымен қатар аудан әкімі индустриялды ай-мақта салынып жатқан «Казкрахмал» ЖШС жү-гері өңдеу зауытының құ-рылысымен танысып, өн-діріс орнындағы мәселе-лерді талқылады.
«Өндіріс орны 2025 жылы толық іске қосы-лып, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын бо-ламыз. Бізге қазірден тә-жірибелі мамандарды даярлау қажет. Зауыт іске қосылғанға дейін жұмыс істеуге ниетті жандарды ақылы түрде тәжірибеден өткізіп, Жаркент ауданын-дағы Шардарадағыдай «Казкрахмал» зауытында жұмыс істеп, тәжірибе жинауға шақырудамыз» деді зауыт өкілі Руслан Каримұлы.
Арман Романұлы зау-ыт басшылығына әкімдік тарапынан барынша қол-дау көрсететінін жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda