ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Экономика Әлеумет
Апта барысында Шардара аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оған Қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов қатысты.
Аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Мұрат Нұрпейісов төрағалық еткен жиынның күн тәртібіне орай «2024 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған Қоғамдық кеңестің ақпараттандыру жөніндегі медиа-жоспары», ал екінші мәселе «Қоғамдық кеңестің жұмысын жетілдіру, жақсарту бойынша талқылау жүргізу» бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-тілектері тыңдалды.
–Біздің жұмыстың басты бағыттарының бірі – халықпен және азаматтық қоғаммен тығыз байланыс орнату. Осы орайда Қоғамдық кеңестің атқаратын рөлі үлкен маңызға ие болып отыр. Өйткені мемлекеттік органдардың ашықтығына қол жеткізілуде. Кеңес жұ-мысы билік пен қоғам арасындағы байланысқа арқау болуда. Б.Момышұлының «Жұртым» деп – жұмылып, «Елім» деп – езіліп қызмет ет» дегеніндей алдағы уақытта да Шардара ауданы Қоғамдық кеңесі мүшелері ел игілігі мен өркендеуі үшін қызмет ететіндігін нық сеніммен айта аламын, – деді М.Нұрпейісов.
Аудандық Қоғамдық кеңес алдағы кезде де аудан-дағы мекеме, бөлім басшыларының есептерін тыңдап, оларға кейбір түйткілді мәселелерін шешуде көмек көрсете беретін болады.
Бота ӨСЕРБАЙ
Made on
Tilda