ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жеке тұлғалардың банкроттығы дегеніміз не?

Экономика
Жеке тұлғалардың банкроттығы дегеніміз – кредиттер мен микроқарыздарды төлеу міндеттемелерін орындауда қиындыққа тап болған азаматтар үшін кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерді реттеудің Заңмен белгіленген тәсілі. Жосықты мінез-құлық танытқан жағдайдағы қарыз алушы қол жеткі-зетін нәтиже берешекті өтеу мүмкін болмаған жағдайда оны толық есептен шығару болып табылады.
2022 жылдың 30 жел-тоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңына қол қойды. 2023 жылғы 3 наурыздан бастап eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы және eGov Mobile мобильді қолданбасында аталған рәсімге өтінімдер қабылдау басталды.
Жеке тұлғалардың банкроттығына өтінім берудің жолы
Заң рәсімнің үш түрін қамтиды: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Рәсімнің әр түрінің өтінім беру кезінде қарыз алушы сәйкес болуы тиіс шарттары бар.
Соттан тыс банкроттық
Соттан тыс банкроттыққа өтінім беру үшін Қарыз алушының жалпы берешегі 1600 АЕК-тен (6 млн 291 мың теңге) аспауы керек. Сондай-ақ келесі шарттар орындалуы тиіс:
12 ай ішінде қарыздар бойынша өтем жасалмаған болуы керек;
борышкерге қатысты берешекті өндіріп алу рәсімі мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде жүргізілген болуы тиіс;
өтінім берілген уақытқа дейін банкроттық қарыз алушыға 7 жыл ішінде қолданылмаған болуы тиіс.
Егер берешек 5 жыл не одан да көп уақыт бойы өтелмеген болса, ол соттан тыс банкроттыққа өтінім бере алады. Бұл ретте жоғарыда аталған шарттар оған қолданылмайды.
Егер қарыз алушы 6 ай кезеңде Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы болып табылса, онда ол кешік-тірілген мерзім есебінсіз банкроттықты қолдануға өтінім беріп, Өтінім қолданылғаннан кейін «Банкрот» мәртебесін ала алады.
Сот арқылы банкроттық
Сот арқылы банкроттыққа өтінім беру үшін өтініш берушінің барлық кредиттер бойынша 1600 АЕК-тен асатын берешегі болуы тиіс.
Банкроттықтың бұл түрі борышкердің, егер кепіл мүлкі ретінде қойылмаған болса, жалғыз баспанасын қоспағанда, одан өзге барлық мүлкі сауда-саттыққа шығарылатынын білдіреді.
Осы рәсімді қолдану барысында борышкерге төмендегілерге тыйым салынады:
мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру);
шетелге шығу. Аталған рәсім қолданылғаннан кейін борышкерге «банкрот» мәртебесі беріледі.
Қалай өтініш беруге болады?
Өтінімді eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады немесе тұрғылықты жері бойынша сотқа өтініш беріледі. Өтінішке барлық берешектердің тізбесін, борышкердің мерзімі өткен берешекті реттеуді жүргізу бойынша шаралар қолданғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса беру қажет.
“Банкрот” мәртебесін беру салдарлары мен шаралары
5 жыл мерзімге қарыздар мен кредиттер алуға тыйым;
банкроттықты қайта қолдану тек 7 жылдан кейін;
3 жыл ішінде «банкроттың» қаржылық жағдайын тексеру.
Өтінім алимент бойынша берешектерге, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сот арқылы өндіріп алу жағдайларына қолданылмайды.
Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралы толығырақ ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланатын болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ байланыс орталығына хабарласуға болады.
Шардара аудандық кірістер басқармасы
Made on
Tilda