Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болып Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімі лауазымына ұсынылған Қайрат Жолдыбайұлының кандидатурасын қолдап дауыс берді.
Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы 5 мамырда Шардара қаласында туылған. Білімі жоғары, біліктілігі экономист-менеджер. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магис-трі. Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минис-трлігі Жоғары оқу орындарын және ғы-лымды қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2003-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минис-трлігі Мемлекеттік сатып алулар және жекеменшік бөлімінің жетекші маманы, ҚР Қаржы министрлігінің бірқатар ко-митетінде бас маман, бас сарапшы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмек-шісі, Шардара ауданы әкімінің орын-басары, Ордабасы ауданының әкімі, Шардара ауданының әкімі болып қызмет атқарған.
Бірқатар басшылық лауазымда қызмет атқарған тәжірибелі азамат, жерлесіміз, Шардара ауданының Құрметті азаматы Қайрат Жолдыбайұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқаратын жұмыс-тарында мол жетістіктер тілейміз!
«Шартарап – Шарайна»
газетінің ұжымы