Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем елдерінің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл кесел кез келген мемлекеттің дамуын тежеп, әлеуметтік теңсіздікке, экономикалық тұрақсыздыққа, халықтың билікке деген сенімінің әлсіреуіне алып келеді. Сондықтан да оған қарсы күрес – әрбір азаматтың парызы, ал оны түбегейлі жою – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында арнайы заңдар қабылданған. Соның бірі – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң. Бұл заң қоғамдағы жемқорлық әрекеттерін болдырмауға, әділдік пен заң үстемдігін сақтауға бағытталған. Аталған заңға сәйкес, лауазымды тұлғалардың қызметін асыра пайдалануы, заңсыз сыйақы алуы, пара беру және алу, қызмет бабын жеке мүддесіне пайдалану сияқты әрекеттер қатаң қадағаланады.
Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп қана қоймай, оның алдын алуға баса мән беруде. Осы бағытта құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелер түрлі шаралар атқарып келеді. Дегенмен, жемқорлықты жою үшін тек мемлекеттік органдардың жұмысы жеткіліксіз – бұл күреске бүкіл қоғам атса-лысуы қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың салдары өте ауыр. Ол:
Экономикалық дамуды тежейді – инвестиция тарту мүмкіндігін азайтады, кәсіпкерлердің заңды түрде жұмыс жасауына кедергі келтіреді;
Әлеуметтік теңсіздікті арттырады – халықтың билікке деген сенімін әлсіретіп, әлеуметтік әділетсіздік тудырады;
Заң үстемдігін әлсіретеді – құқық қорғау жүйесінің беделін түсіріп, азаматтардың әділдікке қол жеткізуін қиындатады.
Біздің ата-бабаларымыз да әділдік пен адалдықты басты орынға қойған. "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" деген қағида – осының айғағы. Халық даналығы әділдіктің ең биік құндылық екенін әрдайым дәріптеп келді. Сондықтан қоғам ретінде біз де осындай асыл мұраларымызға сүйеніп, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруымыз керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін әрбір азаматтың құқықтық сауаты жоғары болуы шарт. Азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білсе, жемқорлық әрекеттердің алдын алуға ықпал ете алады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есептілігі күшейтілуі тиіс. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, бюрократиялық кедергілерді азайту, қоғамдық бақылауды күшейту – жемқорлықтың тамырын қиюдың тиімді тәсілдері.
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына үлкен тосқауыл қоятын қауіпті құбылыс. Оны түбегейлі жою – әрбір азаматтың міндеті. Әрқайсымыз өз ісімізде адалдық пен әділдікті ұстансақ, заңды құрметтесек, мемлекетіміздің болашағы жарқын болары сөзсіз. Сондықтан, ел игілігі үшін, әділ қоғам құру жолында бірлесе әрекет ету – біздің басты борышымыз.
Қ.Шынахан– Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма
басшысының м.а