Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас-шысы Асанбай Махашевты қабылдап, бөлім тарапынан 2025 жылға жоспарланған жобалар туралы жұ-мыстарды талқылады.
Бүгінгі таңда Шардара қаласы бойынша жер кезегінде тұрған азаматтар саны – 9718 адам және Достық ауылында -147 адамды құрайды. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру тәртібі қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізілген тұрғын үй алқабынан беріледі. Осыған орай, Шардара қаласы 3-ші мөлтек ауданынан инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу мақсатында, атап айтқанда су және электр желілерін жүргізу мақсатында 635 жер учаскесін құрайтын 21,4 га жер аумағына су, электр жүйелерін жүргізу құрылысына жұмыс жобасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, жұмыс бастау күтілуде. Бұдан бөлек, Шардара қаласы Өтеғұл мөлтек ауданынан 245 жер учаскесін құрайтын 6,3 га жер аумағына және Достық а/о, Достық ауылынан 422 жер учаскесін құрайтын 10,8 га жер аумағына су, электржүйелерін жүр-гізу құрылысына жұмыс жобасы жасалып, сараптама қорытындысы әзірленген.
Сонымен қатар, ауданымыздың халық саны жағынан ең үлкен, яғни 8244 адамы бар Алатау батыр ауыл-дық округінде жеке тұрғын құрылысы үшін жер кезегінде E-gov порталы арқылы 2041 адам тұр.
Алатау батыр ауылдық округінің Қазақстан ауылы (299 уч) мен Целинный ауылының (1075 уч) 2022 жылы бекітілген бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жалпы саны 1374 жер телімі жоспарланған.
Бүгінгі таңда, бөлім тарапынан ауыл халқының тұрмысын жақсарту және жеке тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жер телімдерін берілуін қамтамасыз ету мақсатында, Целинный ауылынан №618 Пикет көшелеріндегі 96 жер теліміне инженерлік инфрақұрылым жүйлерін жүргізуге жерге орналастыру жобасы әзірленуде.
Ал мәдениет пен әдеп-ғұрыптарды дәріптеуге және ауылдың тұрмысын жақсарту мен ағартушылықты қалыптастыру мақсатында Ақшеңгелді ауылдық округінің Егізқұм ауылынан мәдениет үйінің құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеу жоспарлануда.
Оған қоса, ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту және тұтастай алғанда спортпен айналысуға қолайлы орта құру мақсатында демеушілер есебінен 3 ауылда, атап айтқанда: Алатау батыр, Қ.Тұрысбеков және Сүткент ауылдық округтерінен спорт кешендерінің құрылысын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.
Аталған нысандардың құрылысын «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан қаржыландыруға Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған.
Бұдан бөлек, ауданымыздың жүзу спортын дамыту мақсатында Шардара қаласы, Жастар көшесінің бойынан бассейн құрылысының жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп,тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімі бөлім басшысына тың жобаларды жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді тапсырды.