Осыған дейін аудан әкімі Арман Қарсыбаев қаламыздағы индустриалды аймақта орналасқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытына барып, құрылтайшысы Закиржан Пирмухамедович Кузиевпен кездесіп, ондағы жүгері зауытының құрылысы, алдағы жұмысы мен жоспарларын талқылаған болатын. Ал зауыт басшылығы аудан әкімдігімен бірлесе отырып жұмыс жасап, өндіріс орнын тездетіп ашуға ниетті екенін білдірген-ді.
«Казкрахмал» ЖШС компаниясының Шардарада салып жатқан жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Онда 550 адамды жұмыспен қамту көзделген. Бұл жөнінде «Казкрахмал» ЖШС директоры Шухрат Курбанов толыққанды айтып берді:
–Бұл құрылыс 2023 жылы басталған. Аудандағы индустриалды аймақта орналасқан ірі өндіріс орнының құрылысы 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде жүгеріні сақтау және кептіру кешенінің құрылысы аяқталып, былтырғы жылы шаруалардан дән қабылдап алған болатынбыз. Ал биыл екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы басталып, 2025 жылы толық іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде крахмал шығару, асхана салу, жатақхана, қойма тағы басқаларды аяқтап, өнім беруді қолға алмақпыз. Жалпы құрылыс толық аяқталғанда жылына 150 мың тонна жүгері дәнін өңдейтін боламыз. Жобаның құны – 35 млрд теңге. Оның 1,5 миллиард теңгесі бірінші кезеңде қамтылса, 11 миллиард теңгесі осы кезеңде қамтылады. Ал қалған сомасы үшінші кезеңге тиесілі. Өңделген жүгері дәнінен 26 түрлі өнім шығаруды мақсат етіп отырмыз, –дейді.
Зауыт өнімдерін Азия және Еуропа елдеріне экспорттайды. Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының шаруалары жүгері егудің тиімділігіне толықтай көз жеткізгенше зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгеріні өздері егіп отыратындығын жеткізді. Сонымен қоса 35 гектар аумақта орналасқан зауытта крахмал сірнесі шығарылмақ. Бұл дақылдың құрамында 75 пайызға дейін қант бар. Сондықтан өнімді өндірістік мақсатта, яғни табиғи қант алмастырғыш ретінде пайдалануға болады. Осы ретте крахмал-сірне зауыты еліміздегі ірі кондитерлік фабрикалар мен сусын шығаратын зауыттарды қажетті өніммен қамтамасыз етеді.
Зауыт түрлендірілген крахмалдың 20-дан астам түрін, мальтоза және глюкоза балшырындарын, глютен, жүгері майын, тұқым, кебек, түйірленген құрама жем шығарады. Ал сірне – осы крахмалдан алынатын қою шәрбат тәрізді тәтті өнім. Зауыт бұдан бөлек крахмал-глюкозалық қант пен тағамдық глюкозаны шығарады. Глюкоза алынатын шикізат тағы сол – крахмал.
Айту кете керек, зауыт глюкоза балшырынын өндіру кезінде генетикалық түрлендірілген шикізатты қолданбайды, бұдан тыс жүгеріні қалдықсыз қайта өңдеу циклын жолға қояды.
Кристалдық глюкоза таза тəтті, әрі тез сіңетін жоғары сапалы тамақ өнімі. Кондитерлік нан-тоқаш, жеміс консервілерін, қоюлатылған сүт, балмұздақ жəне өзге де аспаздық өнімдерді шығару үшін осы глюкоза пайдаланылады.
Бота Нұрполатқызы