ШАРТАРАП ШАРАЙНА

КАЗКРАХМАЛ ЗАУЫТЫНЫҢ 50 ПАЙЫЗ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Экономика
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы индустриалды ай-мақта салынып жатқан «Каз-крахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Өндіріс орнының жалпы инвестициялық құны 35,0 миллиард теңгені құрайды.
Қазіргі таңда зауытта әкімшілік ғимараты (әкімшілік, асхана, жатақхана), жүгеріні терең өңдеу зауыты, дән сақтау және дайын өнімді сақтау қоймасы салынуда. Жоба іске асырылған уақытта жалпы қуаттылығы 150 000,0 тонна жүгері өңдеп, оның ішінде: крахмал,глютен, жүгері сечкасы, жүгері дәні, тағы да басқа 27 түрлі өнім шығару жоспарануда.
Қазіргі кезде 70 адам уақытша жұмыс орнымен қамтылған. Зауытты 2025 жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр.
Дайын өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан елдеріне және «Рахат», «Хамле», «Гарлсберг Казахстан», «ЭРДЖИ Брэндс», «Маслодел», «Ақсайнан», «Алинекс» компанияларына өткізіледі.
Жоспар бойынша кәсіпорын толық іске қосылған жағдайда 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылуы күтілуде.
Made on
Tilda