Осы режимді қолданатын салық төлеушілер (бұл кірісі жылына 600,0 мың АЕК-тен аспайтын (23 жылы 2.070 млрд теңге) және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі белгіленген тізбеге кіретін қызмет түрлерін жүзеге асыратындар): 1)айналым мөлшеріне қарамастан табыс бойынша белгіленген шегіне дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмауға құқылы. 2) әлеуметтік салық төлеушілер емес; 3) салық салу объектісін (шығыстарды шегермей кірістер) қызметкерлердің жалақысын төлеуге арналған шығыстар сомасына азайтады; 4) егер салық төлеуші микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын болса, ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінің орнына қызметкерлердің кірістерінен бірыңғай төлем төлеуге көшуге құқылы. Еске салайық: – бөлшек салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 114-тен 190 Қызмет түріне дейін кеңейтілді; – режимді қолдану бойынша норма мерзімсіз енгізілді (бұрын нормалар екі жылдық кезеңге енгізілді); – салық кезеңі тоқсан болып табылады; – мәслихат шешімімен 2% - ға жалпы мөлшерлеме, сондай-ақ 8% мөлшеріндегі арнайы мөлшерлеме қолданылады, ол төмендетуге жатпайды және егер сатып алушы (қызмет алушы) салық салуда шығыстарды құжатпен расталған шегерімдерге жатқызу жөніндегі норманы қолданған жағдайда қолданылады. Шығыс-тар сомаларын шегерімге жатқызу үшін сатып алушы бөлшек салық режимін қолданатын тұлғадан ЭШФ жазуды немесе осындай сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чек беруді талап етуге құқылы. БЕКТҰРСЫНОВА Азиза Әлімжанқызы– Шардара ауданы бойынша Мемлектеттік кірістер басқармасының бас маманы