ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Бөлшек салық режимін қолданудың артықшылықтары

Экономика
Осы режимді қолданатын салық төлеушілер (бұл кірісі жылына 600,0 мың АЕК-тен аспайтын (23 жылы 2.070 млрд теңге) және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі белгіленген тізбеге кіретін қызмет түрлерін жүзеге асыратындар):
1)айналым мөлшеріне қарамастан табыс бойынша белгіленген шегіне дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмауға құқылы.
2) әлеуметтік салық төлеушілер емес;
3) салық салу объектісін (шығыстарды шегермей кірістер) қызметкерлердің жалақысын төлеуге арналған шығыстар сомасына азайтады;
4) егер салық төлеуші микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын болса, ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінің орнына қызметкерлердің кірістерінен бірыңғай төлем төлеуге көшуге құқылы.
Еске салайық:
– бөлшек салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 114-тен 190 Қызмет түріне дейін кеңейтілді;
– режимді қолдану бойынша норма мерзімсіз енгізілді (бұрын нормалар екі жылдық кезеңге енгізілді);
– салық кезеңі тоқсан болып табылады;
– мәслихат шешімімен 2% - ға жалпы мөлшерлеме, сондай-ақ 8% мөлшеріндегі арнайы мөлшерлеме қолданылады, ол төмендетуге жатпайды және егер сатып алушы (қызмет алушы) салық салуда шығыстарды құжатпен расталған шегерімдерге жатқызу жөніндегі норманы қолданған жағдайда қолданылады. Шығыс-тар сомаларын шегерімге жатқызу үшін сатып алушы бөлшек салық режимін қолданатын тұлғадан ЭШФ жазуды немесе осындай сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чек беруді талап етуге құқылы.
БЕКТҰРСЫНОВА
Азиза Әлімжанқызы–
Шардара ауданы бойынша Мемлектеттік кірістер басқармасының бас маманы
Made on
Tilda