Мемлекет пайдасы-на сома өндіру туралы, сот шешімімен немесе басқа да мемлекеттік құзырлы органдардың қаулылары негізінде мемлекет пайдасына айыппұлдар, баж салықтарын және басқа да кіріс-терді төлеуге міндетті азаматтарға ескертетініміз, егер сіздерге айыппұл салынса, немесе сіз мемлекет пайдасына басқа да міндетті төлеуге тиісті болсаңыздар, онда осы төлемдеріңізді тездетіп мемлекет пай-дасына төлегендеріңіз өздеріңізге абзал. Өйткені, айыппұлды уақтылы төлемегендеріңіз үшін мемлекет пайдасына атқарушылық санкция өндірілетіндігін ескертеміз. Яғни, айыппұлдан, баж салықтарынан және де басқа міндетті төлемдерден түскен қаражат мемлекетіміздің қазынасын толтырады. Автокөлік жүргізушілерге айтатынымыз, айыппұлдарыңызды уақтылы төлемесеңіздер, автокөліктеріңіз айып автотұрағына қойылатын болады. Соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті басқа да органдардың /лауазымды адамдардың /қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабында көрсетілген жауапкершілікке тартылады, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, ал лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не он тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Сот актілерін орындамау Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 430, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 баптарында жауапкершілікке тартылатындығы ескеріл-ген және сот орындаушыларының шақырту қағаздарын ала тұра себепсіз келмеуі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіның 665 бабында көзделген.
Құрметті шардаралық жерлестер, мемлекетіміздің кірістері аз да болса осындай мемлекетке төленетін міндетті төлемдерден құралатынын біліп жүргендеріңіз абзал. Сот шешімін орындаудан әдейі жалтарып жүрген азаматтар өзінің мемлекетке қанша зиян келтіріп отырғандарын сезінсе екен.
Сондықтан борышкерлерге мемлекет пайдасына төленетін сомаларды ерікті түрде уақтылы төлеуді ескертеміз.
ЕРЕЖЕПОВ
Аят Жақсыбекұлы–
Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы Шардара ауданының жеке сот орындаушысы