Салық кодексінің 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар үлгілері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ тіркеу сайты https://ofd1.kz) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабына сәйкес БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік): - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады; - орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК; - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК.
А.ИБАДУЛЛАЕВ – Шардара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы