Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өткен жылдан басталған жаңа форматтағы халықпен кездесуін биыл Шардара ауданынан бастады. Аудандық мәдениет сарайында халықпен кездесу өткізген облыс басшысы облыста өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.
Сонымен қатар Президентіміздің жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар бергенін, оның ең бастылары – инвестиция тарту, яғни жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу екендігін атап өтті.
– Шардара ауданында 2023 жылы 4 елді мекенде 1,2 миллиард теңгеге 21 жоба жүзеге асырылды, биыл 4 елді мекенде 629 миллион теңгеге 5 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа «Тұрар» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, суды үнемдеу технологиясын енгізіп, тамшылатып суғару әдісімен өнім алып отырғандығын көрдік. Бұл тәжірибені басқа да шаруашылықтарға енгізуді ұсынамын. Президентіміздің бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Осы кездесуді пайдаланып, сіздерді ең алдымен өздеріңіз тұратын ауланы, көшені таза ұстауға, үйлеріңіздің сыртқы келбетін ретке келтіруге, қоқыстарды ретсіз тастамауға, ағаш отырғызуға шақырамын, – деді Дархан Сатыбалдыұлы.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев та өткен 2023 жылы атқарылған, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып, облыс әкімінің сұрағына орай жауап берді.
– Ауданда жыл соңына дейін 10 миллиард теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылады. 57800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша Ұзын ата, Ақшеңгелді, Қоссейіт және Достық ауыл округтерінде төрт өндірістік кооператив құрылып, құжаттары рәсімделіп, жобалары несиелендірілуде. Негізгі бағыттары құс шаруашылығын дамыту, сүт өнімдерін өңдеу технологиясын ендіру мен құрама жем дайындауды жүзеге асыру.
Биылғы жылы ауданда тамшылатып суару бойынша 1500 гектар, жаңбырлатып суғару әдісі 150 гектар жерге жүзеге асырылмақ. Өткен жылы Шардара мектеп-лицейі күрделі жөндеуден, қалған мектептер ағымдағы жөндеуден өткізілген болса, биыл Көксу ауылындағы Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмек. Ауданда екі жайлы мектеп салынуда. Онда 1500 оқушы білім алатын болады.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылқұм ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінген, жеңімпаз мердігер анықталған, – деді аудан басшысы Арман Романұлы.
Сонымен қатар облыс басшысының сұрағына орай қалада бос тұрған ғимараттарды ретке келтіріп, аудан халқының қажетіне жарату бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, басқа сауалдарға да нақты жауап қайтарды.
Шардара қаласы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мақсатында «Тама-Тастанбек» су жеткізу мәселесі шешімін тапқан. Сметасы дайындалған. Экспертизасы алынған. Энергетика басқармасы тарапынан республикалық бюджетке қаржы бөлуге ұсынылған. Жеңімпаз анықталған. Жұмыс көлемі 16,975 миллиард теңге.
Ақшеңгелдіде 5, Достықта 3 канал жекеменшікте болған. Биыл 5 канал, келер жылы 3 канал мемлекет есебіне алынбақ. Осылайша шаруалардың ағын суға деген мәселелері шешілмек.
Құрылыс материалдары комбинатының жері жеке меншікте. Биыл жер иесімен келісіліп 4,0 гектары қайтарылған. Ол жерге абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Қалған 8,0 гектар жерде алдағы кезде шешімін табатын болады.
«Қазкрахмал» индустриалды аймағына су, газ электр желісі жеткізілген. Енді канализация жұмыстары жүргізіледі.
«Қазкрахмал» индустриалды аймағы жанындағы төрт гектар жерге тамшылатып суғаруға қажетті материалдар шығаратын өндіріс орны ашылмақ.
Шардара ауданында тұрғын үй кезегінде 1517 мұқтаж азаматтар болса, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы 502 отбасын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2023-2026 жылдарға жалпы 570 пәтер сатып алу көзделген. 2023 жылы 960 миллион теңге қаралып, 100 пәтер сатып алынған. Құжаттары реттеліп, мамыр айында тапсырылады. Ол 2024 жылы – 120, 2025 жылы – 150, ал 2026 жылы – 200 пәтерге жетеді.
Кездесуде Дәмеш Жақсыбаеваның үй кезегі, Сайлау Шалқарбаевтың көшені жөндеу, Жора Амановтың 2,5 пайыздық несие, Тәжібай Мырзагелдиевтің каналды тазалау, Сейсен Қуанның спорт кешенін салу, Сапаралы Ахметовтың Қызылқұм ауылдық мәдениет үйін жөндеу бойынша қойған сұрақтарына аудан, облыс басшылары тиісінше жауап берді.
Аудандық «Ақсақалдар кеңесінің» төрағасы Қыстау Ілесов аудан халқы атынан аудан, облыс басшыларының атқарған жұмыстарына жақсы деп баға беріп, алдағы жұмыстарында жетістіктер тілеп, батасын берді.
Облыс басшысы Дархан Амангелдіұлы сапары барысында 15 гектар аумағындағы 2,3 миллион түп көшет өндіріліп жатқан Ұзыната ауылдық округінде орналасқан тұқымбаққа, «Шебер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің Алатау батыр ауылдық округіндегі 150 адам жұмыспен қамтылған, еліміздің көптеген облыстарын аяқ киім, киім-кешек, көрпе-төсек, мектеп киім үлгісі, әскери киім және тапсырысқа сәйкес кез келген киіммен қамтамасыз ететін кәсіпкер Омар Әсенұлының тігін фабрикасында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдағы кезде де мемлекеттік қолдаулар бола беретіндігін айтты.