ШАРТАРАП ШАРАЙНА

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢУГЕ АТСАЛЫСАЙЫҚ

Экономика
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасы да бұл дертпен күресуді мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыттарының біріне айналдырған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларда ашықтық пен әділеттілікке негізделген мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру басты мақсат ретінде белгіленген.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек жазалаумен шектелмейді. Оның себептерін жою, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, қоғамда адалдық пен әділеттілік құндылықтарын насихаттау – басты міндеттер-дің бірі. Осы мақсатта санитарлық бақылау саласында бірқатар маңызды шаралар атқарылып жатыр: құ-қықтық база нығайтылуда. Қазақстанда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң жұмыс істейді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде.
Цифрландыру арқылы ашықтыққа қол жеткізу қолға алынды. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтер онлайн форматқа көшіріліп, адами фактор азайтылды. Бұл өз кезегінде жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді. Санитарлық бақылау органдарының қызметіне қатысты нақты стандарттар мен регламенттер әзірленіп, олардың ашық орындалуы қадағаланады. Қызметкерлердің әре-кеттеріне тұрақты мониторинг жүргізу арқылы заңсыз іс-әрекеттердің алды алынуда.
Қызметтер автоматтандырылды. Мысалы, эпидемиологиялық рұқсаттар мен гигиеналық сертификаттарды онлайн түрде алуды айтсақ болады. Бұл адам факторын азайтып, пара беру ықтималдығын төмендетеді. E-license және E-gov порталдары арқылы қызмет көрсету аясында барлық өтінімдер мен рұқсаттар бірыңғай жүйе арқылы электронды түрде жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлықты жеңу – бір күндік іс емес. Ол үшін бүкіл қоғам бірігіп, әрбір азамат өз жауап-кершілігін сезінуі қажет. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бастамалар мен реформалар халықтың қолдауымен ғана өз нәтижесін береді. Әділетті, ашық және жемқорлықсыз Қазақстан құру – әрқайсымыз-дың ортақ міндетіміз.
Ш.МАУЛЕНОВА — Шардара аудандық
Made on
Tilda