ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Семинарда мақтаның сорттары таныстырылды

Экономика
Ұзыната ауыл округіндегі «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС (бұрынғы «Жайсаң») Шардара филиалы дала алқабында «Шардара ауданы жағдайында мақтаның отандық сорттарының өнімділігі мен төзімділігі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов, аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, аудандық аумақтық инспекцияның инспекторы Н.Оразбаев, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС
басқарма төрағасы Дәуренбек Нұрлан Мамытұлы, бөлім меңгерушісі Тағаев Асанбай Мамадәліұлы, «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Шардара филиалының директоры Естеміров Қайрат, ауыл округі әкімдері, ауыл шаруашылығы тayapын өндірушілер қатысты.
Семинарда «Шардара ауданы жағдайында мақтаның отандық сорттарының өнімділігі мен төзімділігі» туралы сөз қозғалды.
Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясына қарасты, Шардара филиалының егістік алқабындағы, отандық жоғары өнімділікті, сортаң жерлерге және құрғақшылыққа төзімді отандық Мақтаарал-4011, Мақтаарал-5027, Мақтаарал-5030, Мақтаарал-4017 және Береке-07 мақта сорттары өсірілген эксперименталдық алқабында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Семинар барысында, Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станция Басқарма төрағасы Дәуренбек Нұрман Мамытұлы, бөлім меңгерушісі Тағаев Асанбай және Шардара филиалы директоры Естеміров Қайрат, Шардара ауданындағы мақтамен айналыстын шаруа қожалықтарын, сортаң жерлерге және құрғақшылыққа төзімді отандық мақта сорттарымен қамтамасыз ету мақсатында және осы отандық мақта сорттарының қарқындылығы, жоғары әлеуеті және оны баптаудың қарқынды технологиялары бойынша ұсыныстар баяндалды және шаруа-диқандармен жалпы топырақ құнарлылығы мен өнімділікті арттыру бойынша мәселермен ой бөлісті.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі
Made on
Tilda