Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара ауданынан барған делегация өкілдері «Жаркент крахмал-сірне» зауытына барып, толық жұмыс барысымен танысты. Шардара ауданында салынып жатқан өндіріс орны бұл зауыттың екін-шісі, яғни алғашқы филиалы болмақ. Зауыт басшылығы делегацияға жүгеріден шығатын әрбір өнімнің өңдеу техноло-гиясынан бастап дайын күйге дейінгі кезеңдерін көрсетті.
Дайын өнімдері ішкі нарықтан бөлек, Еуропа мен Азия елдеріне экспортталуда.
Сонымен қатар, делегация мүшелері зауыттың полипро-пилендік қапшықтар шығарататын цехтарын аралады.
–Біздің зауытта жүгеріден бөлек, полипропилендік қапшық та шығарылады. Оған сұраныс жоғары. Өздеріңіз көргендей жүгеріден крахмал, глютен, сироп, қант және басқа да жиырма-дан астам өнім түрін терең өңдеумен айналысамыз. Сондай-ақ, мамандарды тәжірибеден өткізу, оқыту бойынша да жұмыс істейміз. Жүгері дақылы ешқандай қалдық қалмайтын сұра-нысқа ие өсімдік. Біздің мақсатымыз екінші зауытымызды Түркістан облысының Шардара ауданынан салу арқылы жер-гілікті диқандардың шикізат өнімін ала отырып, жүгері егуге машықтандыру. Сондай-ақ, 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын боламыз. 2025 жылы жүгері зауытының құрылысы аяқталса, кез келген уақытта Жаркент зауытынан мамандарды тәжірибе алмасуға жіберіп отырамыз. Сіздер Жаркенттегі зауытты көріп, толық танысып отырсыздар. Бұл сіздер мен зауыт қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы. Біз зауытты міндетті түрде іске қосамыз, - деді зауыт басшылығы.
Шардаралық делегация Жаркенттегі алып зауытпен таны-сып, болашағы жарқын өндіріс екендігіне қанық болды. Сондай-ақ, Шардарадағы жүгері зауытының құрылысы аяқтал-са аудан үшін өте үлкен даму болып, тұрғындардың әл-ауқа-тының артатынына сенім білдірдік.
Шардара ауданындағы жүгеріден 26 түрлі өнім шығаратын зауыттың салынып жатыр. Қазіргі таңда өндіріс орнының бір бөлігі іске қосылып, 8 түрлі өнім шығарып отыр. Толығымен іс-ке қосылған кезде ауданның 500-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылмақ. Жүгері өңдеу зауыты жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді.
2023 жылы жүгеріні сақтау және кептіру кешенінің құры-лысы аяқталды. Ал 2024 жылы жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы басталып, 2025 жылы толық іске қосылады. Зауыт өнімдерін Азия және Еуропа елдеріне экспорттамақ.
Шардара ауданы әкімінің
баспасөз қызметі