Мобильді аударымдарды бақылау – заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №323 бұйрығына сәйкес, егер жеке тұлға қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде әр айда жүз немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан өзінің кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына ақша қаражатын алса, бұл заңсыз кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары туралы деректер 2024 жылдың қорытынды аударымдары бойынша 2025 жылдан бастап банктерден алынатын болады.
Бұл шара жасырын кірістерді және тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтау мақсатында қолға алынған. Себебі көптеген кәсіпкерлер өз қызметтері, тауарлары мен жұмыстарын сатқанда, төлемдерді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды. Мұндай әрекеттер заңнаманы бұзумен қатар, салық төлеуден жалтару болып табылады.
БАЙБУСИНОВ Ержан —
Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы